Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 30.01.2025, 10:00
  • 30.01.2025, 18:00

Мизамханполатұлы Рыскелді 30.01.2025, Сұрақ нөмірі: 13345

  • 0

Саламатсызба, мемлекеттік қызметшілер онлайн құмар ойынға бәс тікпес үшін не істей алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.January.2025, 14:46

Ағымдағы жылдың наурыз айында "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы букмекерлік сайттарда тіркелудің алдын алу үшін онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде өзін-өзі шектеу бойынша сервис іске қосылған. Осы ретте, «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеуге өтініш бере алады. Бұл кез-келген азаматқа, әсіресе шамадан тыс ойнауға бейім адамдарға, ҚР юрисдикциясы аясында лицензия алған барлық ресми ойын алаңдары мен онлайн-букмекерлік платформаларды қолдануды шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желідегі құмар ойындарға өзін шектей алады. Өтінім беру үшін «eGov mobile» мобильдік қосымшасында «Қызметтер» қойындысына, содан кейін «Спорт» бөліміне өтіңіз. Қызметтер тізімінен «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервисті» таңдау қажет. Ашылған бетте шектеу мерзімін айлармен көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» түймесін басатынын атап өтеміз.