«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері»

«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 06.02.2025, 10:00
  • 06.02.2025, 17:00

Хамидуллин Азамат 06.02.2025, 15:11, Сұрақ нөмірі: 13349

  • 0

Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметті атқаруды тоқтатқаннан кейін 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос лауазымдарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2025, 15:15

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызметі туралы» заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы екендігін назарыңызға ұсынамыз!