«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.02.2025, 10:00
- 06.02.2025, 17:00
Ищанова Альфия 06.02.2025, 15:26, Сұрақ нөмірі: 13350
Қайырлы күн! 2020 жылы жоғарғы оқу орнын GPA-3.54 мәнімен үздік аяқтадым, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналаса аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2025, 15:34
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызметі туралы» заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген (GPA-3.33) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алатындығы көрсетілген. Атап өту қажет, Заңның осы нормасы 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орнын аяқтаған уақытыңыз бір жылдық мерзімнен өтіп кетуіне байланысты, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасуыңызға мүмкіндігіңіз жоқ екендігін хабарлаймыз.