«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.02.2025, 10:00
- 06.02.2025, 17:00
Умбетов Орынбасар 06.02.2025, 15:46, Сұрақ нөмірі: 13351
Қайырлы күн, мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтен өз еркімен жұмыстан босатылған болатынмын, ендігі кезде жаңадан мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған жағдайда сынақ мерзімі тағайындалады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2025, 15:57
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызметі туралы» заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар және бұдан бұрын қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша мемлекеттік лауазымнан шығарылғандарды қоспағанда, қайтадан мемлекеттік қызметке кіретін азаматтарға сынақ мерзімі белгіленбейтіндігін хабарлаймыз.