«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.02.2025, 10:00
- 06.02.2025, 17:00
Крым Фариза 06.02.2025, 16:16, Сұрақ нөмірі: 13352
Саламатсыз ба? Жаңа іріктеу жүйесі бойынша Мемлекеттік қызметке кіру үшін қандай және қанша заңнан тест тапсыру керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.February.2025, 16:20
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына сәйкес, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуге қатысу үшін үміткер сыртқы «eqyzmet.gov.kz» интернет-порталдағы жеке кабинетінде өтінім береді. Өз кезегінде, үміткерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге тестілеу және заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтеді. Бұл ретте, тестілеу 4 заңнан тұрады: 1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» (15 сұрақ); 2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ); 3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» (15 сұрақ); 4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» (10 сұрақ); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды. Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды. Тестілеуден сәтті өткенен кейін үміткерлер жүйедегі жарияланған бос лауазымдарға өтінімдерін жолдап конкурсқа қатыса алатындығын хабарлаймыз.