Жетісу облысы халқының медициналық ұйымға тіркелуі

Жетісу облысы халқының медициналық ұйымға тіркелуі

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 12.02.2025, 10:00
  • 12.02.2025, 18:00

Рысбаева Наргиза 12.02.2025, 11:44, Сұрақ нөмірі: 13357

  • 0

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан қандай медициналық анықтамаларды электронды түрде алуға болады

Жетісу облысы 12.02.2025

Құрметті Рысбаева Наргиза! Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтардың емханаға барып, кезекке тұрмауы үшін және медициналық анықтамалардың заңсыз алмауы үшін 8 құжат енді тек электронды түрде беріледі. – Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – 075 / е «Медициналық анықтама» – 026 / е «Дәрігерлік консультативтік кеңес (ДКК) қорытындысы» – 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама» – 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта» – 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты» – 076 / е «Қаруға рұқсат алу» – 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» Және де eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға өзінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске қосылғанын хабарлаймыз.