Жетісу облысы халқының медициналық ұйымға тіркелуі

Жетісу облысы халқының медициналық ұйымға тіркелуі

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 12.02.2025, 10:00
  • 12.02.2025, 18:00

Есенаманов Жанат 12.02.2025, 15:42, Сұрақ нөмірі: 13358

  • 0

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға қалай тіркелуге болады?

Жетісу облысы 12.February.2025, 15:48

Құрметті Есенаманов Жанат! Жыл сайын 15 қыркүйек 15 қараша аралығында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымдарына тіркелу науқаны басталады. Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден немесе жұмыстан 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігер көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бәрінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді. Бұрынғы емхананың қызметі көңіліңізден шықса, тіркеу науқаны барысында қайта тіркелудің қажеті жоқ. Басқа уақытта Емхананы: • басқа жерге қоныс аударғанда; • жұмыс, оқу орнын ауыстырғанда; • жазасын өтеу орнын ауыстырғанда; • әскери борышын өтеу кезінде; • медициналық мекеме жабылғанда не қайта ұйымдастырылғанда ауыстыруға болады. Сондай-ақ, өзіңіз тіркеуде тұрған емхана қызметіне көңіліңіз толмаған жағдайда да өзге емдеу ұйымына тіркелуге болады. Алайда, емхананы жылына бір реттен артық ауыстыруға болмайды. Емханаға тіркелудің бірнеше жолы бар: Ол үшін egov.kz сайтында «Денсаулық сақтау» – «Медициналық көмек» – «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдау қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы енгеннен кейін өтініш бересіз. Емханаға келіп тіркелу Ол үшін еркін түрде жазылған өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Алайда, емханаға тұрғындардың келесі санаттары ғана келіп тіркеле алады: • зейнеткерлер; • мүгедектер; • заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар; • қорғаншылар не қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; • колонияларда (жазасын өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталған адамдар; • студенттер; • мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер; • шет мемлекеттерде туған балалар; • сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар.