Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.02.2025, 10:00
- 27.02.2025, 17:00
Тажкеев Баубек 27.02.2025, Сұрақ нөмірі: 13381
Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметтен бос уақытта, яғни сенбі күндері қосымша сабақ беріп, жұмыс істеуіме бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.February.2025, 14:58
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат беріледі. Осылайша, Сіз негізгі жұмысыңыздан бос уақытта педагогтік қызметпен айналысуға құқығыңыз бар.