«Қызылорда облысының аумағында салынатын жаңа бу-газ қондырғысының құрылысы туралы»

«Қызылорда облысының аумағында салынатын жаңа бу-газ қондырғысының құрылысы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 12.03.2025, 10:05
  • 12.03.2025, 18:05

Қожахметқызы Мөлдір 12.03.2025, 15:25, Сұрақ нөмірі: 13410

  • 0

Республика бойынша инвестор тарапынан алғашқы жылу электр орталығының құрылысы Қызылорда қаласында бастау алғаны белгілі. Жоба қашан ел игілігіне табысталатын болады?

Қызылорда облысы 12.March.2025, 15:35

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын 215 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 215 млрд.теңгені құрайды. Негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, қазіргі таңда газотурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы орнатылуда. Станция 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда. Орталық облыс тұрғындарының электрэнергиясының тұтыну көлемін толықтай қамтамасыз етіп, артығын нарыққа өткізуге мүмкіндік береді.