Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 18.03.2025, 10:00
- 18.03.2025, 17:00
Сламханов Даниал 18.03.2025, 14:55, Сұрақ нөмірі: 13425
Сәлеметсізбе! Мен өзімнің жер учаскемнің нысаналы мақстатын өзгертейін деп едім, оған қандай құжаттар қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.March.2025, 14:59
Қайырлы күн! «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметіне құжаттар тізімі: "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде: жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу; әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.