Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына енгізілген өзгерістерге қатысты
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 20.03.2025, 10:00
- 20.03.2025, 18:00
Абдугаффаров Отабек 20.03.2025, 15:24, Сұрақ нөмірі: 13437
Ротация бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, қай лауазымдар міндетті ротацияға жатады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2025, 15:36
«Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына» ҚР Президентінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 687 Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ротацияға жататын «Б» корпусы қызметшілерінің санаттары шеңбері кеңейтілді (В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, D-O-1, D-O-2 және Е-1 санаттары) және олардың ротациясы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға және «Б» корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы олардың соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күнінен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, «Б» корпусының B-2, C-2, С-О-2, D-O-2 және E-1 санаттарындағы қызметшілердің ротациясы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.