Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына енгізілген өзгерістерге қатысты
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 20.03.2025, 10:00
- 20.03.2025, 18:00
Аметов Кудайберген 20.03.2025, 17:00, Сұрақ нөмірі: 13438
Ротациядан кімдер босатылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2025, 17:05
Мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары) не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы (ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс. Сонымен қатар, ротация мерзімі басталған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне үш және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде уәкілетті адамның осы қызметшіні ротациядан босату туралы актісі қабылданады.