Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.03.2025, 10:00
- 27.03.2025, 17:00
Кожанова Марина 27.03.2025, 11:01, Сұрақ нөмірі: 13445
Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алатын мүмкіндік барма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.03.2025
Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін біріншіден, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет, екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.