Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.03.2025, 10:00
- 27.03.2025, 18:00
Халелова Динара 27.03.2025, 14:37, Сұрақ нөмірі: 13454
Сәлеметсіз бе. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қалай шағымдансам болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.March.2025, 14:41
Қайырлы күн. «ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 4 бабы 1) тармағының 3) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. Сіз көрсетілетін қызметті берушіге тікелей, жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе Департаментке өтініш білдіре аласыз. Департаиентке өтінішті Н. Назарбаев даңғылы ,4 мекенжайы бойынша, “e-оtinish”сервисі немесе Telegram мобильді қосымшасы «EgovKzBot2.0» бот – платформасы арқылы беруге болады.