Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы
«Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Нұржанұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 27.03.2025, 09:00
- 27.03.2025, 18:00
Копабаева Жолтай 27.03.2025, 17:22, Сұрақ нөмірі: 13463
Қазір мемлекеттік қызметке жастарды тарту мәселесі, оның ішінде жоғарғы оқу орнын енді аяқтаған жас түлектердің мемлекеттік қызметке келуіне қандай да жеңілдіктер қарастырылған ба? Мәселен, оларды конкурссыз қабылдау.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.March.2025, 17:30
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасы аясында қолданыстағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына (бұдан әрі - Заң) бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Соның бірі – білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандырып, жас мамандардың аудан мен ауыл¬дық аймақтарға келуіне, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайту мақсатын көздейді. Заңның 15-бабы 6-тармағы негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс (грант) шеңберінде білім алып, оқуын жақсы нәтижемен (GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер осы оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім ала отырып «Б» корпусының төмендегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қабылдана алады. 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымы (Е-4, Е-5 санаттары); 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымы (Е-R-4, Е-R-5 санаттары); 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына (Е-G-3, Е-G-4 санаттары); 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымы (C-R-4, C-R-5 санаттары). Бұл жаңашылдық жастардың мемлекеттік қызметке келуіне үлкен септігін тигізіп отыр.