Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.03.2025, 11:00
- 28.03.2025, 18:00
Зекенов Тлек 28.03.2025, 17:00, Сұрақ нөмірі: 13471
Баламды бірінші сыныпқа беру үшін қандай құжаттар қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2025, 17:44
Сәлеметсіз бе ! Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасына 1-қосымша 8 тармағына сәйкес келесі құжаттар талап етіледі: ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген), баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.