«Қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтер»

«Қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т. Еркебаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 10.04.2025, 10:00
  • 10.04.2025, 17:00

Крым Фариза 10.04.2025, 15:09, Сұрақ нөмірі: 13476

  • 0

Салеметсиз бе, құрметті Нурлан Танирбердиевич! Менің ағам Жаскайрат аулында хирург болып жұмыс жасайды. Қазіргі таңда военкоматка шақырып отыр оны, ақпарат алу үшін деп айтты военкоматтың адамдары. Менің ағам отсрочку от призыва алгысы келіп отыр, оған положено ма, дәрігер болса, тем более ауылдық жерде? Қалай дәлелдеу керек дәрігер екендігін өтінім берген кезде?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.April.2025, 15:20

Қайырлы күн! «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген Қағидасы (бұдан әрі – Қағида)негізінде көрсетіледі. Қағидамен бекітілген Стандартқа сәйкес тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлер «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтінім түсіруге мүмкіндігі бар. Қағидамен бекітілген Стандарттың 8-тармағына сәйкес тиісті білімі бар,мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлер өтініш және жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесін ұсыну қажет. Сұрағыңызға рахмет!