«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»
Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы М. К. Касимов интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 10.04.2025, 10:00
- 10.04.2025, 18:00
Жонелбаева Нагима 10.04.2025, 17:25, Сұрақ нөмірі: 13481
Саламатсыз ба! Жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерге беріліп жатқан мүмкіндіктер туралы естідім. Балам оқу орнын үздік аяқтап еді өткен жылы. Астана қаласында конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.April.2025, 17:33
Қайырлы күн! Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3,33) нәтижесімен ЖОО-да оқуын аяқтаған болса 1 жыл ішінде мемлекеттік органға конкурссыз «Б» корпусының келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналаса алады. 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.