«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі» туралы
«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі» туралы тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.04.2025, 10:00
- 11.04.2025, 18:00
Дауренбекова Аида 11.04.2025, 10:19, Сұрақ нөмірі: 13483
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! «Ашық деректер» порталындағы деректер қандай салалар бойынша орналастырылған?
Қызылорда облысы 11.April.2025, 10:34
Сәлеметсіздер ме! Сұрағыңызға рахмет. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 қаулысына сәйкес «Ашық деректер» порталында 12 сала бойынша деректер тізбесі орналастырылады атап айтқанда; Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, Мәдениет және спорт, Мемлекеттік сектор, Денсаулық сақтау, Өнеркәсіп, Экономика, Білім және ғылым, Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, Қаржы, Сауда, Халық және қоғам. Аталған деректер өзектендіру мерзімдеріне (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжыл сайын, жыл сайын және қажеттілігіне қарай) сәйкес, «Ашық деректер» интернет-порталына орналастырылып отыр.