Жамбыл облысындағы отандық өндірістің дамуы
Жамбыл облысындағы отандық өндірістің дамуы туралы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 04.04.2025, 09:00
- 14.05.2025, 18:00
МОЛДАГАИРОВА АЙГУЛЬ 11.04.2025, 17:36, Сұрақ нөмірі: 13493
Қандай жағдайларда мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін?
Жамбыл облысы 29.05.2025
Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жағдайлары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көрсетілген. Мемлекеттік қызметші: 1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін; 2) мемлекеттік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның (органның) немесе өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның (органның) актісі шығарылады.