Халықаралық зияткерлік меншік күні
Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 16.04.2025, 09:00
- 16.04.2025, 18:00
Кабдулина Галия 16.04.2025, 13:17, Сұрақ нөмірі: 13496
Сәлеметсіздерме! Менде кішігірім бизнес бар. Менің сұрағым осындай: Кафе иелері музыка ойнау үшін ақша төлеу керек пе? Егер төлеу қажет болса, оны қалай төлейді?
ҚР Әдiлет министрлігі 16.April.2025, 14:06
Қайырлы күн! Әрбір автордың немесе өзге де құқық иеленушінің өз туындысын пайдаланудың әрбір түрі (көпшілік алдында орындау, импорттау, теледидардан, интернеттен хабарлау, аудару және т.б.) үшін сыйақы алуға құқығы бар. Төлемдердің мөлшері мен тәртібі автор немесе ұжымдық ұйым (ҚҰБҰ) арасында жасалатын шартта белгіленеді. Сондықтан туындыларды пайдаланған кезде пайдаланушыларға (кафе, мейрамхана иелері және т.б.) автордың пайдасына сыйақы төлеу қажет. Іс жүзінде Пайдаланушы деп аталатын туындыны пайдаланатын адам автор мүшесі болып табылатын ұжымдық ұйыммен шарт жасасады және осындай ұйымдар арқылы сыйақы төлеуді жүзеге асырады.