Халықаралық зияткерлік меншік күні

Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 16.04.2025, 09:00
  • 16.04.2025, 18:00

Байтемирова Гульзат 16.04.2025, 14:51, Сұрақ нөмірі: 13501

  • 0

Авторлық құқықтың маңыздылы?

ҚР Әдiлет министрлігі 16.April.2025, 16:28

Авторлық құқық шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық қоғамда жаңа идеялар мен өнер туындыларының жасалуына ынталандыру береді. Бұл - білім, ғылым, және мәдениеттің ілгеріленуіне әсер етеді. Сондай-ақ авторлық құқықтың маңыздылығы жеке тұлғаның шығармашылық жетістігін заңмен қорғап қана қоймай, ұлттық және халықаралық деңгейде мәдени, ғылыми және экономикалық дамуға үлес қосатын маңызды құқықтық тетік болып табылады. Ол зияткерлік меншік иелеріне әділ құқықтар бере отырып, ұлттық мәдениет пен ғылымды өркендетуге қызмет етеді.