Халықаралық зияткерлік меншік күні

Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 16.04.2025, 09:00
  • 16.04.2025, 18:00

Байтемирова Гульзат 16.04.2025, 14:54, Сұрақ нөмірі: 13502

  • 0

Автордың рұқсатысыз әнді қолданған жағдайда, автор қайда жүгінсе болады?

ҚР Әдiлет министрлігі 16.April.2025, 16:09

Қайырлы күн! «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 49-бабына сәйкес авторлық құқықты қорғауды сот жүзеге асырады. Авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық (ҚР АК 9-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚК) 198-бабы) қарастырылғанын хабарлаймыз. ҚР ҚК 198-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жеке, жеке-жариялы айыптау ісі болып табылады және іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 32-бабы). ҚР ҚК 198-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 187-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргізеді. Осыған орай, авторлық құқықы бұзылған жағдайда автор немесе құқық иеленуші авторлық құқықтарын қорғау үшін сотқа, ішкі істер органдары не экономикалық тергеу қызметіне жүгіне алады.