Халықаралық зияткерлік меншік күні
Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 16.04.2025, 09:00
- 16.04.2025, 18:00
Байтемирова Гульзат 16.04.2025, 14:56, Сұрақ нөмірі: 13503
Жасанды интеллект арқылы жасалған музыкалық туындыларға авторлық құқық алуға болама?
ҚР Әдiлет министрлігі 16.April.2025, 16:10
Сұрағыңызға рахмет! «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес, автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға болып табылады. Жасанды интеллект (ЖИ) — бұл техникалық құрал болып табылады және құқық субъектісі болып табылмайды. Ол дербес шығармашылық әрекетке қабілетті емес, сондықтан ЖИ-дің өзі жасаған туындыларға авторлық құқық берілмейді, өйткені олардың негізінде адам еңбегі, ерік-жігері мен шығармашылық шешімі жоқ.