Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 191-ө өкімімен бекітілген әкімшілік реформаның басты бағыттарын түсіндіру бойынша Медиа-жоспардың 6 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2008 жылдың 30 қазаны мен 7 қарашасы аралығында «Электронды үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша интернет-конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 5
- 30.10.2008
- 07.11.2008
- Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-конференциясы
Айнұр 30.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Құрметті, Зағипа ханым! Конференция тақырыбына сай мемлекеттік қызметтің сапасын әлі де жақсарту қажет екені баршаға мәлім. Мемлекеттік қызметтің қандай түрлерін заманауи ету жоспарлануда? Және жүзеге асырылған қадамдардың қандай кемшіліктерін байқадыңыздар?
Администратор 07.11.2008
2008 жылы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» туралы № 710 қаулысы қабылданды, мұнда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын көбейту қарастырылған. Қазіргі кезде қосымша 32 қызмет бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары әзірленді және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында.