Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру
Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 18.04.2025, 10:00
- 18.04.2025, 17:00
Ихсанова Аружан 18.04.2025, 11:04, Сұрақ нөмірі: 13511
Мемлекеттік кызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне не жатады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2025, 11:20
Сұрағыңызға рахмет! Құрметті Ихсанова Аружан! Мемлекеттік қызметшілер, азаматтардың құқықтарын қорғау, олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне еңбекті, денсаулықты қорғау, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайлары, жұмыс уақытының сақталуы, сондай-ақ, әлеуметтік және құқықтық қорғалуы жатады. Осы орайда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, Департаментпен тұрақты түрде мемлекеттік органдар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті құжаттарды сұрату арқылы талдау, профилактикалық тексерістер жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қарастырылып, оған жол берген тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.