Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы

«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 30.04.2025, 09:00
  • 30.04.2025, 18:00

Утамбетова Уразгуль 30.04.2025, 09:46, Сұрақ нөмірі: 13519

  • 0

Күріш – Қызылорда бренді. Алайда, ол – ең көп су талап ететін дақыл. Қазір су тапшылығы жағдайында күрішке қатысты қандай агросаясат жүргізіліп отыр?

Қызылорда облысы 30.April.2025, 11:04

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ежелден аграрлық аймақ болып саналады. Аймақтың ауыл шаруашылығы саласы түгелдей суармалы егіншілікке негізделген. Облысқа келетін бірден-бір негізгі су көзі ол Сырдария өзені. Өңірде еліміздің басқа өңірлері сияқты табиғи (богарный) егістік жерлер жоқ болғандықтан, инженерлік тұрғыда дайындалған мелиоративтік жүйелерге егін орналастыруға мәжбүрміз. Облыста барлығы 268,0 мың гектар суармалы жерлер болса, оның 178,6 мың гектары 6 массивте орналасқан инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егістіктері (159,3 мың гектары күріш ауыспалы егістер, 19,3 мың гектары-мал азықтық, бақшалық дақылдар). Инженерлік жүйеге келтірілген жерлер негізінде күріш ауыспалы егісіне жоспарланған. Сондықтан, күріш аймақтың негізгі ауыл шаруашылығы дақылы болып табылады. Аймақтың ерекшелігіне сәйкес күріш егілмесе топырақтың екінші қайтара тұздану қарқыны күшейіп, баға жетпес суармалы жерлердің айналымнан шығып қалу қауіпі туындайды. Кеңес одағы кезінде аймақта 120 мың га дейін күріш егілсе, 1995-2002 жылдар аралығында аймақта күріш егісінің көлемі 51 мың га дейін төмендеген. Нәтижесінде 46 мың гектардан астам инженерлік жүйге келтірілген жерлер қайта тұздану салдарынан ауыл шараушылығы айналымынан шыққан. Бүгінде күріш көлемін 85 мың гектар шамасында тұрақтандырдық. Аймағымыздың алтын қоры болып есептелетін инженерлік жүйеге келтірілген егістік жерлер күрішке негізделгендіктен, күріш аймақтың негізгі дақылы болып қала береді. Күріш егістігінде суды үнемдеудің ең тиімді жолы ол жерді тегістеу. Тәжірибе көрсеткендей күрішке пайдаланатын су 20% үнемделіп, өнімділік 30% дейін көтеруге қол жеткізілді. Биыл аймағымызда лазерлік тегістелген жер көлемі 60 мың гектарға жеткізіледі. Жерді лазерлік тегістеу, насостармен қашыртқы суды қолдану арқылы су көлемін үнемді және лимит шегінде пайдалану көзделуде. Су тапшылығы жағдайында күріш егісі көлемін тұрақты деңгейде ұстап, оның сапасын, өнімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетін арттыру басты мәселе. Аталған бағытта аймағымызда күріштің өнімділігі жоғары, вегетациялық мерзімі қысқа бірнеше шетелдік сорттарды жерсіндіру, тәжірибеден өткізу жұмыстары жүргізілуде (Каурис, Маршал, Патриот шетелдік сорттары).