Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы

«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 30.04.2025, 09:00
  • 30.04.2025, 18:00

Мәстетбаева Ақмарал 30.04.2025, 10:07, Сұрақ нөмірі: 13520

  • 0

Біраз жылдар бойы Сарысу өзенінің бойында шаруа қожалықтары мал жайылымының нашарлап кеткендігі жөнінде айтып жүр бұл мәселе қалай шешімін табуда?

Қызылорда облысы 30.April.2025, 11:05

Аймағымыздың Ұлытау облысымен шектесетін аумағында Сарысу өзені арқылы 50 мың гектардай жайылым мен шабындық суландырылатын, алайда, соңғы 7 жылда Сарысу өзені арқылы облыс территориясына су беру мүлдем тоқтатылған болатын. 2024 жылы Ұлытау облысымен келіссөздер жасалып Сарысу өзеніне су жіберіліп 500 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер суландырылды. Биылғы жылы да Ұлытау облысынан Сарысу өзеніне су жіберіліп Телікөл мен Ащыкөл көлдері арқылы жайылым жерлер суландырылды. Қазіргі таңда өңірдің Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласына қарасты 500 мың гектар жерде орналасқан 100 000 бас қой, 30 000 бас ірі қара, 5000 бас түйе, 6000 бас жылқы ұстап отырған 100-ден аса шаруа қожалықтары қоныстанып көл суын тиімді пайдаланып, жайылымдық жерлерде шөптің шығымы да жақсарды. Нәтижесінде Сарысу өзені бойында 370 мың гектар жерде орналасқан Шиелі, Сырдария және Қызылорда қаласына қарасты шаруалардың мал жайылымы жақсарды. Осы орайда, жыл сайын ерте көктемде (1 ай көлемінде) Сарысу өзеніне берілетін жылдық су лимитінің 30-40%-ын жіберіп отыру қажет. Биылғы жылы да жайылымды суландыру жұмыстары жалғасын табуда.