«2025 жылғы білім беру жүйесінің жобалары»

2025 жылғы білім беру жүйесінің жобалары

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 16.05.2025, 10:00
  • 16.05.2025, 18:00

Тұрсынханова Гүлім 16.05.2025, 10:51, Сұрақ нөмірі: 13534

  • 0

Мектепке дейінгі білім беру ұйымына кезекке қою үшін өтінішті қалай беруге болады?

Шығыс Қазақстан облысы 16.May.2025, 11:26

Облыста барлығы 385 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, соның ішінде 94-і жеке меншік. Облыста мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және бағыт беру процесі толық автоматтандырылған, «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйе Бірыңғай есепке алу, кезек және бағыт беру базасымен интеграцияланған. Білім беру бөлімдері қызмет алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, 4 мектепке дейінгі ұйымды таңдау бойынша сауалнама жүзеге асырылған. Ата-аналар balabaqsha.snation.kz порталында баласын мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық бағыт алады. Бағыт тек 5 жұмыс күні бойы жарамды. 5 жұмыс күнінің ішінде балаңыз медициналық тексеруден өтуі қажет. Одан кейін balabaqsha.snation.kz порталы арқылы «Құжаттарды қабылдау және балабақшаға қабылдау» қызметіне өтініш беру керек, қажетті құжаттарды тіркей отырып.