Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.05.2025, 09:00
- 23.05.2025, 18:00
Канал Жанель 23.05.2025, Сұрақ нөмірі: 13540
Бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың өзге аймақтарында мал аурулары шығып, шығынға ұшараған туралы айтылуда. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында облысымызда қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қызылорда облысы 23.May.2025, 16:47
Жалпы жануарлар арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында республикалық бюджет есебінен аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға 6,3 млн. доза сонымен қатар, Өңірімізге тән жануарлардың жұқпалы емес 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза ветеринариялық препараттар бөлініп, жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мәселе күнделікті бақылауда. Анықтама ретінде: 13 түрлі жұқпалы аурулар: сібір жарасы, аусыл, құтыру, лептоспироз, листериоз, пастереллез, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирустық диарея. 6 түрлі энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулар: тейлериоз, пироплазмоз, гастрофилез, сақау фасциолез, трипаносомоз.