Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.05.2025, 09:00
  • 23.05.2025, 18:00

Досжанов Нургиса 23.05.2025, Сұрақ нөмірі: 13541

  • 0

Облыс бойынша ветеринариялық ұйымдардың материалдық - техникалық базасының жасақталу деңгейі қандай? Осы техникаларды, құрал-жабдықтарды жаңарту мақсатында Сіздерде қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 23.May.2025, 16:48

Иә дұрыс айтасыз, ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін оның материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Осыған байланысты Ветеринария саласындағы жұмыстарды ілгерілету, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 682,3 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен 100% қамтылса, 71 арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіліп 52%-ға жаңартылды. Үстіміздегі жылыда 27 арнайы автокөлік сатып алуға 264,4 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, тиісті ветеринариялық іс-шаралар уақытылы жүргізіліп, ауру ошақтарын болдырмау, аурудың алдын алу мен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сапасы артып отыр.