Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.05.2025, 09:00
  • 23.05.2025, 18:00

Жамитова Акниет 23.05.2025, Сұрақ нөмірі: 13542

  • 0

Ветеринар мамандардың еңбек жалақылары қанағаттанарлық па. Сіздерде еңбек жалақыларын көтеру үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Және бұл жалақы аздығынан кадр тапшылығы орын алмайды ма? Осыған байланысты облыста ветеринар мамандар қажеттілігі туындайды ма?

Қызылорда облысы 23.May.2025, 16:50

Облыс бойынша 8 ветеринариялық станция және 139 ветеринариялық пункттерде барлығы 746 маман қызмет атқаруда. Президент тапсырмасына сәйкес 2022 жылы 723,5 млн. теңге бөлініп, ветеринар мамандардың айлық жалақылары 40%-ға көтерілді. Сонымен қатар «Биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына сәйкес 2023 жылы 635 ветеринар маманның жүргізген жұмыстарының зияндылығына алғаш рет республикалық бюджеттен 455,3 млн. теңгеден соңғы 3 жылға 1,4 млрд теңге бөлініп, лауазымдық айлық жалақыларына 50% үстем ақы қосылып көтерілді. Үстіміздегі жылы тағы да 10% көтерілді. Өз кезегінде мемлекеттік қолдау аясында ветеринар мамандардың жалақы мөлшері артып, кадрлық мәселелер тұрақталды. Сонымен қатар жастардың салаға қызығушылығы жоғарылап, ауылдық елді мекендерге қызмет етуге баруда. Бүгінгі таңда салада 673 ветеринар маман қызмет атқарады. Оның ішінде 25-35 жас 45%, 35-45 жас 18%, 45-55 жас 21%, 55-63 жас 16% құрайды.