Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 28.05.2025, 10:00
  • 28.05.2025, 17:00

Тәліпбек Назерке 28.05.2025, 16:22, Сұрақ нөмірі: 13546

  • 0

Кайырлы күн, мен мектептеги аттестатты жогалтып алдым, енди калай аламын оны ? кажет болып жатыр еди, айтып жиберсениздер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.May.2025, 16:30

Қайырлы күн ! Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін өзіңіз оқыған оқу ордасына тікелей бару немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінсеңіз болады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.