Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы бойынша жаңашылықтар туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану бойынша жаңашылықтарына қатысты өз сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 02.06.2025, 10:00
- 02.06.2025, 17:20
Әбілқайыров Ерасыл 02.06.2025, 16:26, Сұрақ нөмірі: 13555
Саламатсызба! Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер бұрыңғы мемлекеттік лауазымында жасаған тәртіптік теріс қылықтары үшін де тәртіптік жауаптылыққа тартылады деп естідім, сол бойынша ақпарат берсеңіз?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2025, 17:13
Саламатсызба! 2025 жылдың 2 мамырында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа редакцияға сәйкес, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер алдыңғы мемлекеттік лауазымында жасаған тәртіптік теріс қылықтары үшін де тәртіптік жауаптылыққа тартылатын болады. Бұл норма бұрын жіберілген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Тәртіптік жаза мемлекеттік қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша уәкілетті тұлға тарапынан қолданыстағы мерзімдер шегінде қолданылады. Жалпы алғанда, енгізілген өзгерістер мемлекеттік қызмет жүйесінде тәртіп пен әділдік принциптерін нығайтуға, тәртіптік жауаптылық тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.