Жер саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар жер саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелеріне қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 12.06.2025, 09:00
  • 12.06.2025, 18:00

Диханбай Айбек 12.06.2025, Сұрақ нөмірі: 13564

  • 0

Учаскені қалай бөлуге бөлуге болма ма болмай ма қалай білуге болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.06.2025

Жер учаскесін бөлуге болатындығы немесе болмайтындығын анықтау Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі қағидалары (бұдан әрі-Қағида) негізінде жүргізледі. Ол үшін сізге, жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға аталған қызмет түрін алу үшін 1. белгіленген нысан бойынша өтінішті, 2. жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасын және 3. жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін тапсыра отырып жүгіну қажет.