Жер саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар жер саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелеріне қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 12.06.2025, 09:00
  • 12.06.2025, 18:00

Быдышев Ерлан 12.06.2025, 14:46, Сұрақ нөмірі: 13566

  • 0

Мен жалға алған жер учаскесінің мерзімі аяқталуға жақын. Оны ұзарту үшін не істеуім керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.June.2025, 14:51

Алдымен, жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде (ҚР Жер кодексінің 37-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес) 3 ай бұрын жергілікті атқарушы органға тікелей немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жалға алу мерзімін ұзарту туралы нысан бойынша өтініш беруіңіз қажет. Өтінішпен бірге қағаз түрінде: - сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар); - жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады); Ал порталға: - сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар); - жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады). Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.