Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен Интернет-конференция
14 тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша, сондай-ақ сауда және индустриалық саясат бойынша Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында 2009 жылдың 15 тамызында жарияланады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 14.08.2009
- 15.08.2009
- ҚР Индустрия және сауда министрлігі
Дюсембаев Мураткали Амантаевич 14.08.2009, Сұрақ нөмірі:
"Алатау-сити" экономикалық аймағындағы ақпараттық технологиялық парк салынуына байланысты сол маңдағы жекеменшік саяжайларды мемлекет сатып алатыны жөнінде құлақтандыру қағазын (уведомление) алған едік. Осы шара қашан жүзеге асады?
Администратор 14.08.2009
Құрметті Мұратхан Амантайұлы! Сұрағыңызға, рахмет. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың 2009 жылғы 24 шілдедегі тапсырмасына сәйкес «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-ның аумағын қысқарту болжануда. Осыған орай, қазіргі уақытта саяжай шаруашылықтарын сатып алу күтілмейді. Құрметпен, Индустрия және сауда министрлігі