«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» тақырыбында интернет-конференция.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 16.06.2025, 09:00
- 16.06.2025, 18:00
Нигметов Сагынбай 16.06.2025, 17:05, Сұрақ нөмірі: 13574
Сәулет жоспарлау тапсырмасына қатысты мемлекеттік қызмет түріне негіссіз бас тартылуда
Құжаттар толық емес деп сол негізіге сүйенуде . Мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттар керек
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.June.2025, 17:15
Сәулет жоспарлау тапсырмасына қатысты мемлекеттік қызметі Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы заңнамамен реттеледі. Құжаттар тізбесі төмендегідей 1) 1 және 2-топтамалар бойынша: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жағдайда); осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда); объектінің меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) көзделіп отырған өзгеріске және оның параметрлеріне жазбаша келісімі (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау жағдайында); егер жоспарланып отырған реконструкция олардың мүдделерін қозғаған жағдайда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) іргелес басқа үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау жағдайында) (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді); 2) 3-топтама бойынша: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 3-тармағына және 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді); өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда); осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемелерді ұлғайту); жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жағдайда); техникалық жобаның электрондық көшірмесі; егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді). Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.