«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» тақырыбында интернет-конференция.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 16.06.2025, 09:00
- 16.06.2025, 18:00
Аллакова Кундузай 16.06.2025, 17:09, Сұрақ нөмірі: 13577
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызмет түрінің мерзімі қанша күн негіссіз бас тартылса қай мемлекеттік мекемеге шағымданамыз
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.June.2025, 17:24
Қайырлы күн! "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді. Егер мемлекеттік қызмет алуда негіссіз бас тартуға тап болсаңыз е-өтініш платформасы арқылы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне шағым қалдыра аласыз.