«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2025, 09:00
- 24.06.2025, 18:00
Бердәлі Құралай 24.06.2025, 15:20, Сұрақ нөмірі: 13585
Жалпы облыстың экспорттық әлеуеті қандай, жыл басынан бері қанша тонна балық өнімдері және қандай шет елдерге экспортталды?
Қызылорда облысы 24.June.2025, 15:56
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар (Кіші Арал теңізі және 164 көл конкурстық негізде 5 - 49 жылға табиғат пайдаланушыларға берілген). Бүгінгі күні облыстың су айдындарында балықтың 16 негізгі түрі бар (Торта, Көксерке, Табан, Алабұға, Қылышбалық, Шортан, Аққайран, Қызылқанат, Мөңке, Жыланбас, Камбала, Сазан (тұқы), Ақмарқа, Жайын, Айнакөз, Ақ амур). Бұл балық шаруашылығының дамуына ықпал етуде. Бүгінгі күні облыс бойынша, 11 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. Оның 4-і Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алған (Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 29,8 мың тонна). Өткен жылы 5,7 мың тонна балық ауланып, 2023 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артты (2023 жыл - 5 291,9 тонна, 2024 жылы - 5 750,5 тонна Жыл басынан бері шет елдерге 1 785 тонна балық өнімдері экспортталынды. Анықтама ретінде: Экспортталатын тардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, фаршы, сүбесі, мұздатылған және ұны. Аймағымыздың балық өнімдері Азия және Еуропаның 14 мемлекетіне экспортталуда (Ресей Федерациясы, Дания, Қытай, Польша, Литва, Нидерланды, Германия, Грузия, Қырғызстан, Венгрия, Австрия, Латвия, Эстония, Румыния).