«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.06.2025, 09:00
  • 24.06.2025, 18:00

СЕЙТЕНОВА НУРГУЛЬ 24.06.2025, 15:28, Сұрақ нөмірі: 13586

  • 0

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы жыл көлемінде қандай жұмыстар атқарылды және атқарылады? Осы акция аясында аймақта қанша тонна қоқыс жиналып, шығарылды?

Қызылорда облысы 24.June.2025, 15:57

Жыл көлемінде санитарлық, тазалық, абаттандыру бағытында Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның еліміз үшін маңызы өте зор. Өйткені тазалық бірінші орында екенін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөздерінде үнемі айтып келеді. Аталмыш акция барысында қала көркейіп, әсемдене түскені әрбір тұрғынның көз алдында жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы Қызылорда облысы тазалық жағынан Республикада алдыңғы қатардан көрініп, өзге облыстарға үлгі ретінде көрсетілген болатын. Ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде 27 мың тоннадан (27 177) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 505 скверлер мен парктер, 225 тарихи мәдени ескерткіштер, 791 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 4 596 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 322 су обьектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б.), 47 451 мың көшелердің бойы (6 929 көп қабатты үйлер мен 40 522 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 500-ден аса техника (548) жұмылдырылды.