«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2025, 09:00
- 24.06.2025, 18:00
Найзабай Құралай 24.06.2025, 15:29, Сұрақ нөмірі: 13587
Облыс аумағындағы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету жағдайы өткір күйде болып келетіні белгілі. Осыған байланысты елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар атқарылып келеді?
Қызылорда облысы 24.June.2025, 15:58
Бүгінгі күні, облыс тұрғындарының 60 пайыздан астамы ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін суармалы су – негізгі күн көрістің көзі болып саналады. Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 су шаруашылығы нысандары алынған, оның ішінде 3 су қоймасы (Көлтоған, Қыраш, Манап), 1 су тоспасы (Ақүйік), 2 гидротехникалық құрылыс (Қарақ, Қоңыраулы), 194 канал (ұзындығы 1151,87 шақырым), 12 дана су қашыртқысы (103,49 шақырым) және 14 дана қорғаныс бөгеттері (7,78 шақырым) бар. Соңғы 3 жылда (2021-2023 ж.ж.) бірінші кезекте су шаруашылығы нысандарына облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, барлығы 410,3 шақырым болатын 53 су шаруашылығы нысандарына механикалық тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 95 дана насос қондырғылары сатып алынды. Сонымен бірге, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендеріндегі су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекеме арқылы өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан Сырдария ауданындағы 1,8 шақырым болатын «Құрымбек» және 3,5 шақырым болатын «Айтбай арығы» каналдарына гидротехникалық құрылыс жұмыстары жүргізді. Биылғы жылы 5 каналға тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның ішінде Жаңақорған ауданы М. Нәлібаев ауылдық округінде орнасқан жалпы ұзындығы 7,5 шақырым болатын «К-2-6-1» және «К-2-6-2-1» қашыртқыларына толық тазалау жұмыстары жүргізілді. Анықтама ретінде: Сырдария ауданы Амангелді ауылында Баржық каналына, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылында Ашен арық каналына, Аламесек ауылында Ақарық каналына, Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылындағы «К-2-6-1» және «К-2-6-2-1» қашыртқыларына тазалау жұмыстарын жүргізу. Жалпы, коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарына жөндеу, тазалау жұмыстары әр жыл сайын кезең-кезеңімен атқарылатын болады.