«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2025, 09:00
- 24.06.2025, 18:00
Акедилова Асель 24.06.2025, 17:54, Сұрақ нөмірі: 13588
Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауындағы елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу және орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмалары бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Қызылорда облысы 24.June.2025, 17:55
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес облыс бойынша бес жыл ішінде 1028,3 мың дана ағаш отырғызу жоспарланса, 2021-2024 жылдар аралығында барлығы 718,2 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды, яғни 70 пайызға орындалды. Анықтама ретінде: 2021 жылы 169,9 мың дана, 2022 жылы 178,5 мың дана, 2023 жылы 193 мың дана, 2024 жылы 176,87 мың дана. Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн. сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында облыстық деңгейде 2021 жылы 101 мың га (37,1 мың га, 23,6 млн.дана облыстық деңгейде, 64 мың га Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті), 2022 жылы 250 мың га (95,4 мың га, 38,8 млн. дана облыстық деңгейде, 154,6 мың га Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті), 2023 жылы 193,2 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді (100 мың га, 68,6 млн.дана облыстық деңгейде, 93,2 мың га Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті), 2024 жылы 127,7 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді (100 мың га, 70 млн.дана облыстық деңгейде, 27,7 мың га Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті). 2021-2024 жылдар аралығында барлығы 671,9 мың га, оның ішінде 332,5 мың га (201 млн.дана) – облыстық деңгейде, қалған 339,4 мың га – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы атқарылды. 2025 жылы барлығы 428,1 мың га (100 мың га – облыстық деңгейде, қалған 328,1 мың га – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы) фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.