Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 26.06.2025, 10:00
- 26.06.2025, 17:00
Айтуар Мұрат 26.06.2025, Сұрақ нөмірі: 13589
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеліп өткен азаматтардың қызметке тағайындалу мерзімі қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.June.2025, 15:11
Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады, алайда Резерв шеңберінде тағайындау Резервке қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген Резервті қалыптастыру қағидаларына сәйкес резервшілер саяси мемлекеттік лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусы мен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.