Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 26.06.2025, 10:00
  • 26.06.2025, 17:00

Керімбекова Гүлжазира 26.06.2025, 15:12, Сұрақ нөмірі: 13590

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы арқылы конкурсқа қатысқым келеді. Осы бойынша пилоттық жобада ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу қанша заңнан тапсырылатындығын және өте алмай қалған жағдайда неше күннен кейін қайтадан тапсыра алатындығымды білгім келеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.June.2025, 15:19

Қайырлы күн!! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлер www.eqyzmet.gov.kz cілтемесі арқылы жүйеге кіріп ең алдымен тіркелу қажет.Содан соң жүйеде тестілеу бөліміне кіріп төрт заң бойынша заңнаманы және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен онлайн өте алады. Үміткер порталдағы өзінің жеке кабинетінде тестілеуден өту үшін 1 күнтізбелік күн бұрын тестілеудің күні мен уақытын өзі таңдап, өтінім қалдырады. Тестілеу бағдарламасы 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест 2) «Қазақстан Республикасының Конституциясын», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тесттерді қамтиды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден үміткер өтпеген жағдайда күнтізбелік үш күннен кейін қайта тестілеуге қатыса алатындығын хабарлаймыз.