Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 26.06.2025, 10:00
  • 26.06.2025, 17:00

Ақылбекқызы Эльмира 26.06.2025, 16:39, Сұрақ нөмірі: 13592

  • 0

Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің санаттары Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.June.2025, 16:45

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесінің бекітілген. Осы Ереженің 2-тарауында Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері айқындалған, яғни қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.