Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 26.06.2025, 10:00
  • 26.06.2025, 17:00

Ақылбекқызы Эльмира 26.06.2025, 16:39, Сұрақ нөмірі: 13593

  • 0

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде хатшылық бар, сол хатшылық өз құзыреті шегінде қандай функция берілген?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.June.2025, 16:45

Хатшылық өз құзыреті шегінде; қызметтік әдеп нормаларының бұзылу, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуде; мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдар мен өзге де субъектілерден қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпарат сұрата алады; тиісті салалардағы мамандар мен консультанттарды қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу және қорытындылар беру үшін тарта алады; қызметтік тергеп-тексерулер барысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қызметтік тергеп-тексерулерге тартуға құқылы.