Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 26.06.2025, 10:00
- 26.06.2025, 17:00
Ақылбекқызы Эльмира 26.06.2025, 16:41, Сұрақ нөмірі: 13594
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне қай кезде ие болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.June.2025, 16:46
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады және мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айырылады.