«Құжаттандыру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер»

«Құжаттандыру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 10.07.2025, 11:00
  • 10.07.2025, 17:00

Айтуарова Замзагуль 10.07.2025, 14:40, Сұрақ нөмірі: 13609

  • 0

Сәлеметсіз бе. Мен өзіме және 2 қызыма соттылық жоқ екендігі туралы анықтама алу керекпін. Менің екі қызым кәмілет жасқа толмаған. Оларға алу үшін не апару немесе не тапсыру керекпін. Ол анықтама маған жұмысқа орналасу үшін керек. Жауап күтемін Сізден.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.July.2025, 14:57

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қағидасы негізінде көрсетіледі. Қағидамен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына анықтама алу кезінде туыстық байланыстарын растау үшін туу туралы куәлік (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін) ұсынылу қажет.