Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 24.07.2025, 10:00
  • 24.07.2025, 18:00

Құдайберген Айкерім 24.07.2025, 11:36, Сұрақ нөмірі: 13623

  • 0

Қайырлы күн! Жоғарғы оқу орнымды Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де 2018 жылы аяқтадым. Осыған сәйкес, заңнамға енгізілген өзгерістерді пайдаланып мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз кіре аламынба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2025, 11:40

Қайырлы күн, Сіздің сұрағыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA-3.33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға орналаса алады. Айта кету қажет, Заңның осы нормасы 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген. Өз кезегінде, Сіз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 2018 жылы аяқтағансыз. Осы орайда, Заңның жоғарыда көрсетілген талабына сәйкес, жоғарғы оқуды аяқтаған уақытыңыз бір жылдық мерзімнен өтіп кетуіне байланысты, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасуыңызға мүмкіндігіңіз жоқ екендігін хабарлаймын.